Ақтөбе-Үрімжі әуе жүк бағыты ресми түрде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 16 қаңтар
Ақтөбе-Үрімжі әуе жүк бағыты ресми түрде ашылды

16 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанның Ақтөбе қаласы мен Қытайдың Үрімжі қаласы арасындағы жүк бағыты ресми түрде ашылды.

Ақтөбе халықаралық Директорлар кеңесінің төрағасы Дастан Малиев жыл басынан бері жүк бағыты екі рейсті орындағанын хабарлады.

«Биылғы жылдың алғашқы екі аптасында аталған ұшақ 2 ұшуды орындады. Ол негізінен әлеуметтік тұтыну тауарларын, соның ішінде киім мен аяқ киімді тасымалдайды. Жаңа жүк маршруттары нарықтық бағаларды тұрақтандыруға және Ақтөбе халықаралық әуежайының транзиттік көлік әлеуетін арттыруға көмектеседі деп санаймыз. Бұл аймақтың экономикалық дамуын одан әрі күшейтетініне күмән жоқ»,- деді Дастан.

Қазіргі уақытта жүк рейстері үшін нақты рейстер кестесі жоқ. Ұшақпен тек Қытайдан жүктер тасымалданады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото