- Барлық ақпарат
Сычуань тауар саудасының импорт-экспортының жалпы құны алғаш рет бір триллионнан асты
16 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 15қаңтар Чэнду кеденінен алған ақпаратына сәйкес, Сычуань тауар саудасының импорт-экспортының жалпы құны 2022 жылы 1007,67 миллиард юань болған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға өсіп, алғаш рет 1 триллион юаньнан асты. Осылайша Сычуань әлемдегі сыртқы саудасы бір триллион юаньнан асатын сегізінші өлкеге айналды.
Чэнду кеден директорының орынбасары Ли Хайфаньның айтуынша: «2022 жылы Сычуань сыртқы саудасының импорты мен экспорты жоғары тұрақтылықты көрсетті. Әртүрлі күтпеген әсерлердің қабаттасу жағдайында да тамаша нәтижелерге қол жеткізді. «Эпидемияның алдын алу, экономиканың тұрақтылығын сақтау, қауіпсіз даму» деген маңызды талаптарға сәйкес, Чэнду кедені ел қақпасын қорғай отырып дамуға ықпал етті. Порттағы эпидемияның алдын алу мен бақылауды және сыртқы сауданың тұрақты өсуін тиімді үйлестіріп, жаңа жетістіктерді жүзеге асырады».
people.cn © People's Daily Online