Непалда құлаған ұшақ бортындағы 72 адамның барлығы көз жұмды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 қаңтар
Непалда құлаған ұшақ бортындағы 72 адамның барлығы көз жұмды

Непалда құлаған ұшақ бортындағы 72 адамның барлығы көз жұмды. Бұл туралы Yeti Airlines әуе компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлығы қаза тапты. Бортта болған 68 жолаушы және экипаждың 4 мүшесі көз жұмды», - деді авиатасымалдаушы өкілі Пемба Шерпа.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Непалдың Покхара қаласында ішкі рейс ұшағы апатқа ұшырады. БАҚ ұшақ бортында шетелдіктердің болғаны туралы ақпарат таратты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото