2022 жылдың экономикалық деректері жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 18 қаңтар

18 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қаңтарда Ұлттық статистика бюросы 2022 жылға арналған экономикалық деректерді жариялады.

Алдын ала есептеулер көрсеткендей, 2022 жылғы ЖІӨ 121020,7 миллиард юаньды құрады. Тұрақты бағамен есептегенде, бұл өткен жылдан 3,0% - ға көп.

Елімізде астық өндірісінің жалпы көлемі 2022 жыл ішінде 686,53 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,68 млн тоннаға артып, 0,5% - ға ұлғайған.

2022 жылы ұлттық ауқымнан жоғары салалардың қосылған құны өткен жылмен салыстырғанда 3,6% - ға артқан.

2022 жыл ішінде қызмет көрсету саласының үстеме құны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,3% - ға ұлғайған.

2022 жылы әлеуметтік тұтыну тауарларын бөлшек сатудың жалпы көлемі 43973,3 млрд юаньды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,2% - ға азайған.

2022 жылы негізгі капиталдың ұлттық инвестициялары (фермерлерді есептемегенде) 57213,8 миллиард юаньды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,1% - ға өсті.

2022 жылы тауарлардың жалпы импорты мен экспорты 42067,8 миллиард юаньға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7,7% - ға жоғарылады.

2022 жылы тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) өткен жылмен салыстырғанда 2,0% - ға артқан.

2022 жылы қала-қалашықты өңірлерде 12,06 миллион адам жұмысқа орналасып, 11 миллионға межеленген жылдық жоспардан асып түсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото