2022 жылы елді энергиямен қамтамасыз ету әлеуеті артты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 31 қаңтар

31 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық статистика бюросы жариялаған деректерге сәйкес, 2022 жылы елдің электр энергиясын өндірудің қуаты 8,4 трлн киловатт-сағатқа жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға көп. Олардың ішінде жылу қуаты 0,9%-ға өсті, ал су, атом, жел және күн энергиясы сияқты таза энергия өндірісі 5,3%-ға өсіп, барлық электр энергиясын өндіру үлесі өткен жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға артты.

Шикі көмір өндірісіне тоқтала кетсек, 2022 жылы елдегі шикі көмір өндірісі қарқынды өсіп, рекордтық деңгейге жетті. Мәліметтерге сәйкес, былтыр елімізде ұлттық ауқымнан жоғары өнеркәсіптік шикі көмірдің көлемі 4,5 миллиард тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өсті. Ал өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайыздық тармаққа жоғары болды.

Шикі мұнай өндірісі мен табиғи газ өндірісі ұлғая түсті. 2022 жылы мұнай және газ кәсіпорындары барлау мен игеруді күшейтуді, қорлар мен өндірісті ұлғайтуды, сондай-ақ мұнай мен газбен өзін-өзі қамтамасыз ету қабілетін арттыруды жалғастырды. Елдегі шикі мұнайдың өнеркәсіптік өндірісі 204,67 миллион тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсті және ол 2016 жылдан бері алғаш рет 200 миллион тоннадан асты. Сонымен қатар табиғи газ өндірісі 217,8 миллиард текше метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға өсті, ал өндіріс алты жыл қатарынан 10 млрд текше метрден астамға өсті.

Энергиямен қамтамасыз ету қуаты тұрақты түрде көтеріліп қана қоймай, энергияны тұтыну құрылымы да үздіксіз оңтайландырылып отырады. Алдын ала бағалау көрсеткендей, 2022 жылы жалпы энергия шығыны өткен жылмен салыстырғанда 2,9%-ға өсті. Энергия тұтынудың жалпы көлеміндегі жаңартылған энергияны тұтыну үлесі өткен жылмен салыстырғанда 0,8 пайыздық тармаққа ұлғайды, көмір үлесі 0,2 пайыздық тармаққа өсті, ал мұнай үлесі 0,6, табиғи газ үлесі 0,4 пайыздық тармаққа азайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото