Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: Қытай Пәкістандағы жарылысты қатаң айыптайды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 ақпан

1 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Пәкістандағы адам шығынына әкеп соқтырған мешіттің жарылысына жауап ретінде 31 қаңтарда Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин Қытай бұл оқиғаны қатаң айыптайтынын, терроризмнің барлық түрлеріне қарсы екенін айтты.

30 қаңтарда Пәкістанның Пешавар қаласындағы мешітте көптеген адамның жанын жалмаған жарылыс болды. Пәкістан болған оқиғаны террорлық шабуыл деп атады.

 «Қытай бұл жан түршігерлік оқиғаны қатаң айыптайды. Біз қаза болғандар үшін қайғырамыз, сондай-ақ жаралыларға және қаза тапқандардың отбасыларына шынайы көңіл айтамыз», - деді Мао Нин.

Мао Ниннің айтуынша, Қытай терроризмнің барлық түрлеріне үзілді-кесілді қарсы. Сонымен бірге Пәкістанның терроризммен күреске, ұлттық тұрақтылықты сақтауға және адамдардың өмірін қорғауға жұмсайтын күш-жігерін берік қолдайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото