Астана - Бейжің арасындағы тікелей әуе рейсі қайта жанданады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 ақпан

25 наурыздан бастап Air Astana әуе компаниясы Астана - Бейжің бағыты бойынша ұшатын рейсті қайта жандандырады, деп хабарлады Sputnik.

Астанадан Бейжіңге рейс дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі, ал Бейжіңнен Астанаға сейсенбі, бейсенбі, жексенбі күндері орындалады.

Жолаушыларды тасымалдайтын ұшақ - Airbus А-321 LR.

Сондай-ақ осы жылдың 13 ақпанынан бастап Air Astana Алматы мен Бейжің арасындағы рейстерді де жандандырмақ ниетте. Алғашқыда аптасына бір рет дүйсенбі күні ұшады. Кейін біртіндеп 5 рейске дейін (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) көбейту жоспарда бар. Көктемгі-жазғы навигация кезінде аптасына 5-7 рейске дейін кезең-кезеңімен ұлғайтылады.

Қазақстан мен Қытай астаналары арасында тұрақты рейстерді қайта жаңғырту мәселесін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті Қытайдың авиация билігімен бірлесе іске асырады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото