Қытай экономикасы тұрақты дамып келеді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 ақпан

1 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық статистика бюросының қызмет көрсету орталығы мен Қытайдың логистика және сатып алу федерациясының 31 қаңтарда жариялаған мәліметтеріне сәйкес, Қытайдың өңдеу өнеркәсібіндегі сатып алу менеджерлерінің индексі (PMI) қаңтарда 50,1%-ды құрады, бұл өткен аймен салыстырғанда 3,1 пайыздық тармаққа өсті. Үш ай қатарынан 50%-дан төмен болғаннан кейін, қайтадан кеңею диапазонына оралды. Бұл экономиканың тұрақты қалпына келіп жатқанын және жаңа жылдың жақсы басталғанын көрсетеді.

Сарапшылардың айтуынша, қазіргі экономикалық қызмет тұрақтандыру мен қалпына келтірудің нақты тенденциясын көрсетеді. Алайда бұл қалпына келтіру экономикалық өсудің үздіксіз баяулауы негізінде жүзеге асырылып жатыр. Болашақта тұрақты өсудің әртүрлі саясаттарын жалғастыруды ескеріп, оны назарда ұстау қажет.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото