- Барлық ақпарат
Таншань порты жүк айналымы бойынша әлемде екінші орында
![]() |
2 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Таншань теңіз порты мен порт және авиация әкімшілігінен алған мәліметіне сәйкес, Таншань портының жүк айналымы 2022 жылы 768,87 миллион тоннаға жетіп, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 6,43%-ға артқан. Осы көрсеткішпен жылдық жүк айналымы Шанхай портынан асып, әлемде екінші орынға шыққан.
Құрлық пен теңіздің тең байланысын ұстанған Таншань портының қамтитын аумағы кеңейіп, порт мәртебесі күннен-күнге жақсарып келеді. Теңіз бағытына келетін болсақ, Таншань порты 232 ішкі және сыртқы сауда маршруттары ашылды. Ішкі сауда бағыттары Шанхай, Циндао, Шэньчжэнь, Сямэнь, Жухай және басқа ішкі порттарды байланыстырады. Сыртқы сауда маршруттары Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Чили және т. б. сияқты 70-тен астам елдер мен аймақтарда 190-нан астам портты қамтиды. Сондай-ақ 6 сыртқы сауда контейнерлік лайнер маршруттары Жапония мен Оңтүстік Кореядағы 10 негізгі портты және Жапониядағы 26 ішінара портты толық игеруге қол жеткізді. Құрлық бағыты Солтүстік-батыс, Солтүстік Қытай, Солтүстік-Шығыс Қытай сынды 10-нан астам өлке мен қалаларды құрайтын 47 ішкі порт салынды. Таншань порты сонымен қатар «Бір белдеу, бір жол» құрылысына белсенді түрде қатысты. 2018 жылдан бастап барлығы 7 халықаралық теміржол маршруттары ашылды. Олардың ішінде «Қытай—Моңғұлия-Ресей» халықаралық пойызы тұрақты тасымалға қол жеткізді. «Таншань-Ұланбатыр» бағытында кері қайтатын пойыздар іске қосылды.
people.cn © People's Daily Online