Еліміздегі жасыл несие балансы 22,03 трлн юаньға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 ақпан

6 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халық банкі жариялаған соңғы деректер 2022 жылдың аяғында Қытайдың жергілікті және шетел валюталарындағы жасыл несие балансы 22,03 трлн юаньға жетіп, өтекен жылғы сәйкес кезеңнен 38,5% - ға өскенін көрсетті. Бұл өткен жылдың соңындағы көрсеткішке қарағанда, 5,5 пайыздық тармаққа жоғарылағанын және әртүрлі несиелердің өсу қарқынынан 28,1 пайыздық тармаққа артып, жыл бойы 6,01 трлн юаньға өскенін көрсетіп отыр. Осы қөрсеткіштер көміртекті азайтуға жәрдемдесіп, жанама пайдасы бар жобаларға салынған несиелердің сәйкесінше 8,62 трлн юаньға және 6,08 трлн юаньға жетіп, жасыл несиелердің 66,7%-ын құрады.

Пайдалану тұрғысынан «Инфрақұрылымды жасыл жолмен жаңғырту», «Таза энергетика», «Энергия үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау» салаларындағы несиелер бойынша тиісінше 9,82 трлн юань, 5,68 трлн юань, 3,08 трлн юаньды құрады. Сөйтіп өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 32,8%, 34,9% және 59,1%-ға өсті.

Салалар бойынша электр энергиясын, жылуды, газды және суды өндіру және жеткізу салаларындағы жасыл несиелер балансы 5,62 трлн юаньға жетіп, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 27,4% - ға артты. Бұл көрсеткіш жыл бойы 1,15 трлн юаньға өсті; көлік тасымалы, қойма және пошта өнеркәсібіндегі жасыл несиелер балансы 4,58 трлн юаньды құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,8% - ға артып, бір жыл ішінде 454,6 миллиард юаньға ұлғайды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото