Си Цзиньпин Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісіне байланысты Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Сирия Президенті Башар Асадқа көңіл айтты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 ақпан

7 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 6 ақпанда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Түркия мен Сириядағы қатты жер сілкінісіне байланысты Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Сирия Президенті Башар Асадқа көңіл айтты.

Си Цзиньпин: «Елдеріңізде қатты жер сілкінісі болып, көптеген адамдардың жараланып, қаза тапқанын, мал-мүліктің шығынға ұшырағанын естігенде аса түршіктім. Қытай үкіметі мен халқының атынан Мен құрбан болғандарға шынайы аза білдіремін. Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын, жараланғандардың көңілін сұраймын. Президент мырзаның басшылығымен Сіздің үкіметіңіз бен халқыңыз табиғи апаттың салдарын жеңіп, ел аумағын мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіре алады деп сенемін», - деді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото