Түркияға ұшқан қазақстандық құтқарушылар борты Газиантеп қаласына қонады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 ақпан
Түркияға ұшқан қазақстандық құтқарушылар борты Газиантеп қаласына қонады

Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер борты Газиантеп қаласына қонады. Бұл туралы ҚазАқпараттың Түркиядағы меншікті тілшісі Ақжігіт Шүкібай хабарлайды.

Меншікті тілшінің айтуынша, Қазақстанның Түркия Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлерді қарсы алуға кетті.

Айта кетейік, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Алматыдан Түркияға аттанды.

Оның құрамында Қазақстанның республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары, медициналық қызметкерлер және құтқарушы иттер бар.

Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

Соңғы мәлімет бойынша, Түркияда зілзала құрбандарының саны 3 мыңға жетті.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты 12 ақпанға дейін жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото