Үрімжі халықаралық құрлық портынан 6500-ші Қытай-ЕО пойызы Алматыға қарай аттанды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 ақпан

7 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 6 ақпан күні таңертең Қытай-ЕО пойызы автомобиль бөлшектерін, мұздатқыштарды, тоқыма бұйымдарын, мәрмәр тастарды және басқа да тауарларды толтыра тиеп Үрімжіден шығып, Алтынкөлге, Алматыға және Қазақстанның басқа қалаларына бет алды. Бұл - Үрімжі халықаралық құрлық портынан шығатын 6500-ші Қытай-ЕО пойызы.

Үрімжі халықаралық құрлық порты - Жібек жолы экономикалық белдеуінің негізгі ауданын салудағы маңызды жоба. Үрімжі қаласы Сиань, Чэнду, Чунцин және Чжэнчжоудан кейінгі Қытай-ЕО пойызының бесінші ірі теміржол торабы болды.

«Тауарлар жинау, саябақтар салу және өнеркәсіпті шоғырландыру» сияқты дамыту идеясына сәйкес 2015 жылы Үрімжі халықаралық құрлық портының құрылысы басталды. Соңғы жылдары құрлық порты аймағында Қытай-ЕО пойыздарымен тасымалданатын жүктердің саны 200-ден астамға дейін өсті. Сондай-ақ Еуропаның 19 елі мен аймағын, Азияның 26 қаласын қамтитын 21 теміржол желісі ашылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото