Алдағы уақытта айды зерттеу жобасының төртінші кезеңі жалғасады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 ақпан

7 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Биыл Қытай Айды зерттеу жобасының төртінші кезеңін, яғни Чанъэ-6, Чанъэ-7 және Чанъэ-8 миссияларын толығымен ілгерілетуді жоспарлауда.

Қытайлық Айды зерттеу жобасының бас дизайнері Ву Вэижень «Чанъэ-6» айдың арғы бетінен үлгілерді көбірек жинайтынын хабарлады.

Чанъэ-7 айдың оңтүстік полюсіне қонуға дайындалып жатыр. Басты міндет ― геологиялық барлау жүргізу және су көзін табу.

Чанъэ-8 шамамен 2028 жылы іске қосылуға дайын. Чанъэ-7 және Чанъэ-8 ай-антарктикалық зерттеу станциясының негізгі нысанын құрайды. Мұнда ай орбитасы, түсу аппараты, ай ровері, секіретін көлік құралы және басқа да бірқатар ғылыми-зерттеу құралдары бар.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото