Қытай Түркия мен Сирияға төтенше гуманитарлық көмек көрсетеді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 ақпан

8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін төтенше гуманитарлық көмек механизмін іске қосты. Бұл туралы 7 ақпан күні Қытайдың Халықаралық даму және ынтымақтастық ұлттық агенттігі директорының орынбасары Дэн Боцин айтты.

Ол Қытай Түркияға 40 миллион юань (шамамен 5,89 миллион АҚШ доллары) көлемінде алғашқы жедел жәрдем партиясын жіберетінін хабарлады.

Халықаралық даму және ынтымақтастық ұлттық агенттігі директоры орынбасарының айтуынша, Қытай Сирияға гуманитарлық көмек материалдарын жеткізу бойынша жұмысын үйлестіріп, қазір азық-түлік көмек бағдарламасын жеделдетіп жатыр.

6 ақпан күні Түркияда болған жер сілкінісі салдарынан Түркия мен Сирияда 5 000-ға жуық адам қаза тапты. 20 000-нан астам адам жарақат алды.

Дэн Боцин Қытай үкіметі жағдайдың өзгеруіне және нақты қажеттіліктерге сәйкес өз шамасына қарай екі елге көмек көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото