- Барлық ақпарат
Қытай Сыртқы істер министрлігі: АҚШ-тың Қытай туралы ұғымы объективті және ақылға қонымды болуы керек
9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Нин 8 ақпанда байтақ әлем Қытай мен Америка Құрама Штаттарының өз алдына дамуы мен ортақ өркендеуін «құшағына» сыйдыра алатынын айтты. «Америка Қытай туралы объективті және ақылға қонымды ұғымда болып, Қытайға қатысты белсенді және прагматикалық саясат ұстануы қажет. Сонымен бірге Қытай-АҚШ қатынасының дұрыс және тұрақты дамуға оралуына ықпал ету үшін Қытаймен ойы бір жерден шығуы керек».
Мао Нин кезекті баспасөз мәслихаты кезінде АҚШ президенті Джо Байденнің елдегі жағдай туралы Жолдауының Қытайға қатысты мазмұны туралы сұрақтарға жауап беріп, мынадай мәлімдеме жасады.
Мао Ниннің айтуынша, Қытай әрқашан мынадай көзқарасты ұстанады: Қытай-АҚШ қарым-қатынасы сөзсіз біреуі жеңіп, біреуі жеңілетін, біреуі өркендеп, біреуі күйрейтін нөлдік ойын емес, Қытай мен АҚШ-тың жетістігі бір-біріне қиындықтан гөрі мүмкіндік болуға тиіс. Байтақ жер Қытай мен Америка Құрама Штаттарының өз алдына дамуы мен жалпы өркендеуін құшағына толығымен сыйдыра алады.
«Қытай бәсекелестіктен қашпайды және қорықпайды, бірақ барлық Қытай-АҚШ қатынасын бәсекелестік арқылы анықтауға қарсы», - деді Мао Нин.
«Бәсекелестіктің туын көтеріп бір елге жала жабу және беделін түсіру, басқа елдердің даму туралы заңды құқықтарын шектеу, тіпті жаһандық өнеркәсіптік тізбекке зиян келтіру ― жауапкершілігі бар ірі елдің мәртебесіне лайық әрекет емес».
people.cn © People's Daily Online