ҚР Президенті Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 ақпан
ҚР Президенті Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Қазақпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. ҚР Президенті көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

«Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын», – деп жазды ҚР Мемлекет басшысы.

Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото