Қытайда 5G ұялы телефон пайдаланушылары 561 миллионға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 ақпан

9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі байланыс саласының 2022 жылғы статистикалық бюллетенін жариялады. Ақпаратқа сәйкес, Қытай өткен жылы 887 000 жаңа 5G базалық станцияларын салды. Қазіргі 5G базалық станцияларының жалпы саны 2,312 миллионға жетіп, әлемдік үлестің 60% - дан астамын құрады.

5G желілерінің құрылысы тұрақты түрде алға жылжып, желінің қамту көлемі барған сайын ұлғаюда. 2022 жылы үш ірі телекоммуникациялық кәсіпорын мен China Tower компаниясы жалпы сомасы 180,3 млрд юань болатын 5G инвестицияларын аяқтады. Бұл телекоммуникацияның негізгі капиталына салынған инвестициялардың 43%-ын құрайды. 2022 жылдың соңына қарай Қытайда салынған 5G базалық станцияларына Қытайдағы жалпы ұялы байланыс базалық станцияларының 21,3% үлесі тиесілі. Көрсеткіш өткен жылдың соңғы кезеңімен салыстырғанда 7 пайыздық тармаққа өсті. 5G желісінің құрылысы префектуралық деңгейдегі қалаларды қамтуды кеңейтіп қана қоймай, сұраныс бойынша біртіндеп ауылдық жерлерге де таралады.

5G пайдаланушыларының үлесі 30% - ға жетіп, дамуы әлемдік деңгейге көтерілді.

2022 жылдың соңына қарай Қытайда ұялы телефон пайдаланушыларының саны 1,683 миллиардты құрайды. Байланысты халықтық пайдалану деңгейі 100 адамға шаққанда 119,2-ге дейін өсті. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен, яғин 100 адамға шаққанда 106,2-ден жоғары. Қазір Қытайдғыа 5G ұялы телефон пайдаланушыларының саны 561 миллионға жетіп, елдің 33,3% үлесін құрап отыр. Бұл өткен жылдың соңымен салыстырғанда 11,7 пайыздық тармаққа жоғары, ал әлемдік орташа (12,1%) көрсеткіштен 2,75 есе көп.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото