- Барлық ақпарат
Құтқару күнделігі: ойлауға мұрса жоқ, Малатиядағы жер сілкінісі аумағына бет алдық!
10 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Янчжоудан Нанкинге барып, сосын Гуанчжоу, Дубай және Стамбұл арқылы 30 сағаттан астам уақыт бойы жолда жүрдік. Сөйтіп әріптесім Дай Сяодун екеуіміз Jiangsu blue Sky құтқару тобының бірінші партиясымен Түркияға құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жеттік. Біз Түркияның Адана әуежайына 9 ақпанда келіп қондық. Ол кезде Бейжің уақыты бойынша таңғы сағат 0:45 болатын.
Мұндай ауқымды халықаралық құтқару шарасы өте қиын, талабы ауыр. Халықаралық құтқару операциясына алғаш рет қатысқан кезде, бойымызда үрей болып, алаңдасақ та Цзянсу өлкесінде және елде тиісті жаттығуларға белсенді қатысып, бауырлас топтармен үнемі байланыста болдық. Хананидегі су тасқыны сияқты ауқымды құтқару жұмыстарына қатыстық. Өткен күннен көп тәжірибе жинадық, енді бұл қиын тапсырманы орындайтынымызға сенімдіміз.
Жолға аттанар алдында отбасым абай болуды және тапсырманы тиісті деңгейде орындауымды тапсырды. Олардың көзінен алаңдап, мені қимай тұрғандарын байқадым, бірақ апат жағдайы - бұл бұйрық. Түркиядағы жер сілкінісі барша адамзаттың жүрегіне, көңіліне ауыр тиді. Бұл апат халықаралық құтқару күштерінің бірлігін қажет етеді. Жат елде біз тек жеке тұлға немесе құтқару тобы ғана емеспіз, біз - Қытайдың өкіліміз. Отбасыма тапсырманы жақсы орындап, аман-есен орталарына ораламын деп уәде бердім.
Жолда көптеген жоспар құрған болатынмын. Алайда Түркияға келгеннен кейін төтенше жағдайлар біз күткеннен де асып түсті. Ұшақтан түсе сала Аданадағы жер сілкінісі бұған дейін онша күшті болмағанын, 5 балдан жоғары жер сілкінісі жаңа ғана болғанын білдім. Оған қолайсыз ауа райы қосылып, жұмысымызға көптеген қиындық келтірді. Жер сілкінісі аймағындағы жағдай күрделі және құбылмалы, сол себепті қазір біз жұмыстың нақты орналасуын зерттеп жатырмыз.
9 ақпанда Бейжің уақыты бойынша таңғы сағат 8-де (Түркияның жергілікті уақыт бойынша 9 ақпан таңғы сағат 3-те) бірінші тобымызға Малатия апат аймағына бару тапсырмасы берілді. Малатия қаласы - Түркияның оңтүстік-шығысындағы қатты жер сілкінісі салдарынан ең ауыр зардап шеккен қалалардың бірі. Онда көмек көрсетуге күрделі тапсырмалар бар. Қазіргі уақытта мұнда ешқандай халықаралық құтқару тобы жұмыс істемейді. Қытайдан келген blue Sky құтқару тобына көмектесу үшін Түркиядағы жергілікті қытайлық еріктілер мен аудармашылардың ұйымдасып, жиналғанынан хабардар болдық. Сонымен ойлануға уақыт болмай, апат аумағына аттанып кеттік!
people.cn © People's Daily Online