- Барлық ақпарат
Еліміздің жаңартылатын энергетикасы әлемде көшбасшы орнын сақтап келеді
![]() |
14 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық энергетика басқармасының 13 ақпандағы кезекті баспасөз жиналысында айтылған мәліметке сәйкес, еліміздегі жаңартылатын энергия көздері саласындағы ірі жобалар 2022 жылы айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Сондай-ақ еліміздің жаңартылатын энергетикасы әлемде көшбасшы орнын жалғастырып келе жатыр.
Әлемдік жаңа энергетика индустриясының назары Қытайға ауа түсті. Қытайда өндірілген фотоэлектрлік модульдер, жел турбиналары және редукторлар сияқты негізгі компоненттер әлемдік нарықтың 70%-ын құрайды.
Сонымен қатар еліміздегі жаңартылатын энергия көздерінің дамуы жаһандық шығарындыларды азайтуға оң үлес қосты. 2022 жылы еліміздегі жаңартылатын көздерден электр энергиясын өндіру ішкі көмірқышқыл газының шығарындыларын шамамен 2,26 миллиард тоннаға азайтуға тең, ал экспортталатын жел энергетикасы фотоэлектрлік өнімдері басқа елдердегі көмірқышқыл газының шығарындыларын шамамен 573 миллион тоннаға азайтты. Ол жалпы шығарындыларды 2,83 миллиард тоннаға қысқартты. Бұл сол кезеңде жаңартылатын энергиядан түрлендірілген жаһандық көміртегі шығарындыларын азайтудың шамамен 41%-ын ұстайды.
people.cn © People's Daily Online