Қытай су мен әуеде бірдей қозғалатын ұшқыш құрылғысын жасады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 ақпан
Қытай су мен әуеде бірдей қозғалатын ұшқыш құрылғысын жасады

14 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Шағын ұшу аспабы су мен ауа арасында еркін ұша береді. Жақында Қытайдағы «TJ-FlyingFish» (Тунцзи ұшқыр балығы) деп аталатын су мен ауаны бірдей шарлайтын аспап туралы «New Scientist» және Солтүстік Америкадағы «New Atlas» сияқты халықаралық ғылыми-техникалық журналы жарыса хабарлады.

«Тунцзи ұшқыр балығын» Шанхайдағы Тунцзи университетінің автономды интеллектуалды ұшқышсыз жүйе ғылыми орталығы, Ұлттық негізгі зертхана және Сянган Қытай тілі университетінің командасы бірлесіп әзірледі.

Бұл 1,63 кг су мен құрлықта тең ұша беретін ұшақтың жаңа түрі. Құрылғы ауада 6 минут аялдаса, су астында шамамен 40 минут жүре алады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото