- Барлық ақпарат
Жан басына шаққандағы Қытай фермерлерінің қолда бар табысы алғаш рет 20 000 юаньнан асты
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 15 ақпан
![]() |
15 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Орталық ауылдық жұмыс жөніндегі басқару тобы кеңсесі директорының орынбасары У Хуняо 14 ақпан күні қытайлық фермерлердің жан басына шаққандағы қолда бар табысы алғаш рет 20 000 юаньнан асқанын жеткізді.
Ресми өкілдің айтуынша, соңғы жылдары Қытай фермерлерінің табысы тез жоғарылап келеді. 2019 жылы олардың кірістерін 2010 жылмен салыстырғанда екі есеге арттыру көрсеткіші жоспарланған мерзімнен бір жыл бұрын қол жеткізілді. 2022 жылы жан басына шаққандағы фермерлердің қолда бар табысы алғаш рет 20 133 юаньға жетті. Қала мен ауыл тұрғындары кірістерінің арақатынасы 2012 жылғы 2,88-ден 2022 жылы 2,45-ке дейін төмендеп, қала мен ауыл арасындағы кіріс алшақтығы біртіндеп азайып келеді.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online