Си Цзиньпин «Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» өнеркәсіптік және инвестициялық ынтымақтастық форумына құттықтау хат жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 ақпан

17 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 16 ақпанда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин «Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» өнеркәсіптік және инвестициялық ынтымақтастық форумына құттықтау хатын жолдады.

Си Цзиньпин Қытайдың Орталық Азияның бес елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 30 жылдан астам уақыттан бері, тату көршілік, достық және өзара тиімділк жасап, тең ұтысқа жететін ынтымақтастықтың жаңа жолына түсіп, халықаралық қатынастардың инновациялық моделін енгізіп, стратегиялық серіктестік қатынастарды дәйекті түрде орнатқанын мәлімдеді. Төраға Қытай мен Орталық Азияның бес елі арасындағы өнеркәсіптік және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету өңірлік өнеркәсіптік тізбек пен жеткізу тізбегінің тұрақтылығын тиімді қолдайтын, өңірлік ұлттық өнеркәсіптік даму мен жаһандық экономикаға қатысу деңгейін арттыратын, сондай-ақ жалпы даму мен өркендеуге ықпал ететінін жеткізді. Қытай Орталық Азия елдерімен аса ауқымды нарықтарымен, кешенді өнеркәсіптік жүйелермен және озық технологиялармен бөлісуге, прагматикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, өзара тиімділік тұрғыда тең ұтысқа қол жеткізуге, жоғары сапалы өңірлік экономикалық дамуды ілгерілету үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты. Сөйтіп, тағдыры ортақ Қытай-Орталық Азия қауымдастығын құруға дайын екенін де атап өтті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото