Си Цзиньпин Африка одағының 36-ншы саммитіне құттықтау жолдады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 ақпан

20 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 18 ақпан күні Африка одағының 36-ншы саммитіне хат жолдап, Африка елдері мен халықтарына жылы құттықтауын айтты.

Си Цзиньпин өткен жылы Африка одағы Африка елдерін біріктіріп, оларды жаһандық сын-қатерлерге белсенді жауап беруде, Африканың еркін сауда аймағының құрылысын жеделдетуде және ондағы өткір мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаруға, Африканың халықаралық мәртебесі мен ықпалын одан әрі жақсартуға жәрдем еткенін атап өтті. Африка елдері мен халықтарына даму мен серпіліс жолында одан әрі мол табыстар тілейтінін жеткізді.

Си Цзиньпин: «Қытай-Африка қатынастары 2022 жылы оң даму динамикасын сақтады. Қытай-Африка ынтымақтастығы жан-жақты, көп деңгейлі және жоғары сапалы өрлеуін жалғастыруда және халықаралық ынтымақтастықтың алдыңғы қатарында тұр. Мен Африка елдерінің көшбасшыларымен Қытай-Африка достық ынтымақтастығын одан әрі нығайту, халықаралық және аймақтық істердегі тығыз үйлестіру және селбесіп, сондай-ақ тағдыры ортақ Қытай-Африка қауымдастығын межелі деңгейде құруға көмектесу үшін жұмыс істеуге дайынмын», - деп атап көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото