ҚХР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Қытай-Америка байланыстарын таныстырды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 20 ақпан

20 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы 19 ақпанда Қытай-АҚШ байланыстарына қатысты жағдайды былайша түсіндірді:

Америка Құрама Штаттарының өтініші бойынша Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси бюросының мүшесі және Орталықтың сыртқы істер жөніндегі жұмыс комитеті кеңсесінің директоры Ван И Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына қатысу кезінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони (Тони) Блинкенмен бейресми байланыста болды.

Ван И аталмыш «дирижабль оқиғасы» туралы Қытайдың қатаң ұстанымын нақты атап өтті, бұл Америка Құрама Штаттарының күш-жігерді теріс пайдалануы және халықаралық тәжірибе мен азаматтық авиация конвенцияларын айқын аттап өтуі екенін көрсетті. Қытай бұған ашық наразы және қатаң қарсылық наразылық білдіреді. Америка Құрама Штаттары-әлемдегі ең ірі бақылау және барлау елі. Олардың биіктіктегі шарлары Қытайдың көгінен бірнеше рет заңсыз ұшып өткен, олардың Қытайға жала жабуға және Қытайдың беделін түсіруге құқығы жоқ. Американдық тарап шынайылық танытып, шындыққа көз жүгіртіп, Қытай-АҚШ қарым-қатынасына күш қолдану арқылы келтіріген зиянын шешуі керек. Егер АҚШ шындықты бұрмалап, шиеленісті күшейтуді және жағдайды ушықтыруды қалайтын болса, Қытай онда соңына дейін «селбесуге» дайын және оның барлық салдарын АҚШ мойнына алатын болады.

Ван И Украина мәселесінде Қытай әрқашан принциптерді қорғауда, бейбітшілікке насихаттауға және келіссөздерді ілгерілетуде сындарлы рөл атқарғанын атап өтті.

Қытай-Ресей кешенді стратегиялық серіктестігі одақтаспау, қарсыласпау және үшінші тараптарға бағытталмау негізінде, екі тәуелсіз елдің егемендігі төңірегіндегі мәселелерге бағытталған. Біз Америка Құрама Штаттарының Қытай-Ресей қарым-қатынасы туралы Қытайға ақыл айтуын немесе қысым жасауын ешқашан қабылдамаймыз. Үлкен ел ретінде Америка Құрама Штаттары отқа май құйып, пайда табуға мүмкіндік іздеудің орнына дағдарысты саяси жолмен шешуге көмектесуі керек.

Ван И Тайвань бұғазында тұрақтылықты сақтау үшін «Тайвань тәуелсіздігіне» үзілді-кесілді қарсы тұру керек және «Бір Қытай» қағидатын ұстану керек деп атап өтті. Американдық тарап Тайвань мәселесі бойынша тарихи фактілерді құрметтеуі, саяси міндеттемелерін орындауы және «Тайвань тәуелсіздігін» қолдамайтындығы туралы мәлімдемесін орындауы керек. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото