Түркияда кеше қайталанған жер сілкінісінен 300-ге жуық адам жарақат алған

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 ақпан
Түркияда кеше қайталанған жер сілкінісінен 300-ге жуық адам жарақат алған

Дүйсенбі күні Түркияның Хатай қаласына қарасты Дефне ауданында 6,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Кеше болған жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін кешке Хатайда болған екі жер сілкінісінен 294 адам жарақат алды. Өкінішке қарай, оның ішінде 18 науқастың жағдайы ауыр. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар Адана және Дертиол қалаларына жеткізілді. Біздің барлық далалық ауруханалар пациенттерімізге тиісті қызмет көрсетуді жалғастырып жатыр», - деп жазды 20 ақпан күні Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин ҚожаTwitter парақшасында.

Еске салайық, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 мыңнан асты. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото