Қытайда жасалған ұшатын «автокөлік»

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 ақпан

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Xiaopeng Huitian ― Қытайдағы ақылды электромобильдер өндірісінің көшбасшысы және Азиядағы ең ірі ұшатын автокөлік компаниясы. Xiaopeng Huitian Traveller x2 ресми түрде Қытайдың Орталық және Оңтүстік Қытай аймақтық авиация басқармасы берген чартерлік ұшу сертификатын алды.

Traveller X2 өткен жылдың ақпанында Дубайға алғашқы ұшу сараптаптамасын жасады. Traveller X2 максималды жүктемесі 200 кг және максималды ұшу жылдамдығы сағатына 130 шақырым болады, екі жолаушыны тасымалдай алады. X2 болашақ қалаларда төмен биіктікте ұшуға жарамды, сонымен қатар қала бойынша қысқа қашықтыққа саяхат жасай алады және туризм, далалық құтқару, медициналық тасымалдауға қолдануға болады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото