- Барлық ақпарат
Шыңжаңның 7 тасжол шекарасында жолаушыларды кедендік рәсімдеу қайта басталды
(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 ақпан
![]() |
21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының шекара жұмысы жөніндегі жетекші тобының кеңсесі 20 ақпан күні хабарлағандай, Шыңжаң 20 ақпаннан бастап Алашанькоу, Бақты және Торғат үш тасжол шекарасында жолаушыларды кедендік рәсімдеуді қайта іске қосты. Қазіргі уақытта Шыңжаңдағы жеті тасжол шекарасы осы жылдан бастап жолаушыларды кедендік рәсімдеуді қайта бастады.
Биылғы 8 қаңтарда Шыңжаң алғаш рет Қорғас, Илкештан, Қарасу және Тайкешкен төрт тасжол шекарасында жолаушыларды кедендік рәсімдеуді қайта бастаған болатын.
Шыңжаң 8 елмен шекараласады және сыртқы әлемге ашық 20 шекарасы бар. Оның ішінде 17 құрлық шекарасы мен 3 әуе шекарасы қамтылған.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online