Си Цзиньпин Ішкі Моңғұлдағы ашық көмір шахтасындағы апатқа байланысты маңызды нұсқаулар берді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 ақпан

23 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы және Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин Ішкі Моңғұл автономиялық регионы Алашань аймағындағы көмір шахтасының құлауынан зардап шеккендер мен жоғалған адамдарды жан-жақты іздеу және құтқару туралы маңызды нұсқаулар берді.

Си Цзиньпин жоғалған адамдарды іздеу және құтқару, зардап шеккендерді емдеу және апаттың салдарын жою бойынша жұмысты ойдағыдай орындау үшін бар күш-жігерді салу қажет екенін атап өтті.

22 ақпан күні сағат 13:00-де Ішкі Моңғұл автономиялық регионы Алашань аймағы Xinjing Coal Industry Co., Ltd. ашық көмір шахтасында ауқымды апат болды. Қазіргі уақытта апат салдарынан 5 адам қаза тауып, 6 адам жарақаттанған, 48 адам хабарсыз кеткен. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото