- Барлық ақпарат
Қытайлық компаниялардың 70%-дан астамы қазіргі қолданыстағы шетелге инвестицияларын сақтайды немесе кеңейтеді
23 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 22 ақпанда Қытайдың халықаралық сауданы ілгерілету кеңесі өткізген баспасөз мәслихатында жұртшылыққа 2022 жылғы «Қытайлық кәсіпорындардың сыртқы инвестицияларының қазіргі жағдайы мен бағыты туралы шолу есебін» жарялады. Есеп сауалнамаға қатысқан компаниялардың 70%-дан астамы шетелге инвестициялардың қолданыстағы ауқымын қолдайтынын немесе кеңейтетінін көрсетеді.
Есепте қытайлық компаниялардың 80%-дан астамы шетелдік инвестицияларды дамытудың болашақ перспективаларына салыстырмалы түрде оптимистік көзқараспен қарайды. Сондай-ақ компаниялардың 90%-ға жуығы RCEP елдеріндегі инвестициялық мүмкіндіктерге сенімділік танытады.
Географиялық тұрғыдан алғанда, компаниялардың шетелдегі инвестицияларының 71,8%-ы «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдерге, одан кейін Еуропа мен Солтүстік Америкаға басымдық береді. Өнеркәсіп тұрғысынан кәсіпорындардың 48,7%-ы сыртқы инвестициялар үшін өндіріске, ал кәсіпорындардың 25,2%-ы көтерме және бөлшек саудаға басымдық береді.
Жоспар бойынша, кәсіпорындардың шетелдегі инвестицияларының 60%-ға жуығы шетелдік нарықтарды игеруге, кәсіпорындардың 35,9%-ы өндірістік және пайдалану шығындарын төмендетуге, ал кәсіпорындардың 32,9%-ы халықаралық танымалдылықты арттыруға бағытталған.
people.cn © People's Daily Online