- Барлық ақпарат
Украина дағдарысын саяси реттеу бойынша Қытайдың ұстанымы
24 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 24 ақпанда Қытай Сыртқы істер министрлігі веб-сайты «Украина дағдарысын саяси реттеу бойынша Қытайдың ұстанымын» жариялады. Оның негізгі мазмұны келесідей:
Бірінші, барлық елдердің егемендігін құрметтеу.
Екінші, қырғи- қабақ соғыс туралы ойдан бас тарту. Бір елдің қауіпсіздігін басқа елдердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру арқылы қамтамасыз ету мүмкін емес. Ал аймақтық қауіпсіздікке әскери топтарды нығайту немесе тіпті кеңейту арқылы кепілдік берілмейді.
Үшінші Қытай соғысты тоқтатуды жақтайды. Барлық тараптар ұтымдылық пен ұстамдылықты сақтауы, қақтығыстарды ушықтырмауы, Украина дағдарысының одан әрі шиеленісуіне немесе аумақтық жағынан асып кетуіне жол берілмеуі керек.
Төртінші, бейбіт келіссөздердің басталуын қолдайды. Диалог пен келіссөздер Украина дағдарысын шешудің жалғыз мүмкін әдісі болып табылады. Халықаралық қауымдастық бейбітшілік пен келіссөздерді ілгерілетудің дұрыс бағытын ұстануы керек. Қытай осыған байланысты сындарлы рөл атқаруды жалғастыруға дайын.
Бесінші, гуманитарлық дағдарысты реттеу. Гуманитарлық мәселелерді саясаттандыруға жол бермеу үшін гуманитарлық іс-шаралар бейтараптық пен әділдік принциптеріне сәйкес жүргізілуі керек.
Алтыншы, қақтығыс орын алған тараптар халықаралық гуманитарлық құқықты қатаң сақтауға, бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандарға шабуыл жасамауға, әйелдерді, балаларды және басқа да жанжал құрбандарын қорғауға, әскери тұтқындардың негізгі құқықтарын құрметтеуге тиіс. Қытай Ресей мен Украина арасындағы әскери тұтқындардың алмасуын қолдайды және барлық тараптар осы мақсат үшін қолайлы жағдай жасауы керек.
Жетінші, атом электр станциялары сияқты бейбіт ядролық қондырғыларға қарулы шабуылдарға қарсы тұру.
Сегізінші, ядролық қаруды қолдануға немесе ядролық қару арқылы қорқытуға қарсы тұру. Ядролық қарудың таралуын және ядролық дағдарыстың орын алуын болдырмау. Кез келген жағдайда кез келген елдің биологиялық және химиялық қаруды әзірлеуі мен қолдануына қарсы тұру.
Тоғызыншы, астықты шетелге жіберуге кепілдік беру керек. Барлық тараптар Ресей, Түркия, Украина және Біріккен Ұлттар Ұйымы теңгерімді, жан-жақты және тиімді түрде қол қойған Қара теңіз арқылы азық-түлік тасымалдау туралы келісімді орындауы тиіс және Біріккен Ұлттар Ұйымы осы бағытта шешуші рөл атқаруы қажет.
Оныншы, Қауіпсіздік Кеңесі рұқсат етпеген кез келген біржақты санкцияларға қарсы тұру.
Он бірінші, барлық тараптар қолданыстағы әлемдік экономикалық жуйені тиімді қолдап, оны саясаттандыруға, құралға айналдыруға, қару-жарақ мақсатына қолдануға үзілді-кесілді қарсы тұру.
Он екінші, Халықаралық қауымдастық соғыстан кейінгі қақтығыс аймақтарын қалпына келтіру шараларын қабылдауы тиіс. Қытай осы бағытта көмек көрсетуге және сындарлы рөл атқаруға дайын.
people.cn © People's Daily Online