Өткізу қабілеті 100 Гбит/с-тан асатын алғашқы қытайлық спутник сәтті ұшырылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 ақпан

24 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 23 ақпанында Бейжің уақыты бойынша сағат 19:49-да еліміз Сичан спутниктік ұшыру орталығында Чанчжэн-3B зымыран тасығышын пайдаланып, Zhongxing 26 спутнигін сәтті ұшырды. Спутник жоспарланған орбитаға ойдағыдай көтерілді және ұшыру миссиясы сәтті орындалды. Спутник негізінен стационарлық терминалдар мен көлік-кеме-әуе кемелері терминалдары үшін жоғары жылдамдықты кең жолақты қызметтерді ұсыну үшін қолданылады. Бұл миссия Чанчжэн сериялы зымыран тасығыштың 463-ші рейсі болып отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото