Ирак Қытаймен юань арқылы сауда жасайтын болды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 ақпан
Ирак Қытаймен юань арқылы сауда жасайтын болды

27 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Ирактың орталық банкі валюта резервтерін ұлғайту бойынша соңғы шараларды жариялады, соның ішінде елдің Қытаймен сауда-саттығы бойынша есеп айырысуды тікелей юаньмен реттеуге шешім қабылдады.

Ирак үкіметінің экономикалық кеңесшісі Мудир Салех бұқаралық ақпарат құралдарына бұл Ирактың Қытайдан келетін импортты юаньмен есеп айырысуға бірінші рет рұқсат беретінін айтты. Бұған дейін Ирактың Қытаймен сауда-саттығы АҚШ долларымен жүзеге асырылған болатын.

Қытай - Ирактың ең ірі сауда серіктесі, ал Ирак - араб елдері арасында Қытайдың үшінші ірі сауда серіктесі. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото