Қазақ сынықшысы халықтың қажетіне жарап келеді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 27 ақпан
Қазақ сынықшысы халықтың қажетіне жарап келеді

27 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Дәстүрлі Қытай медицинасында сынықшылық өнердің мың жылдық тарихы бар. Денесінде сынған жерлері бар немесе сүйегі тайған адамдарға дәстүрлі Қытай медицинасында сынықшылар табиғи дәрі-дәрмектің көмегімен сынықтарды, шыққан буындарды орнына салады. Сынықшылар халық арасында өте танымал. Шыңжаңның Іле қазақ автономиялы облысы Қорғас ауданында 36 жастағы қазақ сынықшысы Асқар Бекқалиұлы әулетінің сынықшылық өнерін жалғастырған алтыншы ұрпағы. Асқар Бекқалиұлы медициналық тәжірибесі мен сынықшылықтың отбасылық дәстүрін біріктіріп, емдеу түрлерін байытып, сырқат жандарды ауру азабынан айықтырып келеді. 

Қорғас ауданы - Іле өзені аңғарындағы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын аралас кәсіп еткен шекаралық аудан. Жергілікті шопандар атқа міну, мал жаю және көші-қон барысында аттан жығылып, сүйектерін зақымдап жатады. Асқардың ата-бабалары әртүрлі сынықтарды салып, шыққан сүйектерді орнына келтіруде байырғы өнерді кәсіби пайдаланып келген. Бұл әулеттің сынықшылықты ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырғанына табаны күректей 160 жылдың жүзі болды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Русская редакция)

Фото