- Барлық ақпарат
14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы өкілдері ұсынған 43 750 ұсыныс толық аяқталды
28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы жиналысы ашылу алдында тұр. Ал 13-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы жиналысының өкілдері ұсынған тиісті ұсыныстардың орындалуы қалай болды? Мемлекеттік Халық Құрылтайы Тұрақты комитеті Бас хатшысының орынбасары Го Чжэньхуа: «13-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы жиналысы кезінде өкілдер бұқараның қажетін толық жеткізіп, жиналыс барысында 42 675 ұсыныс және сессияаралық кезеңде 1075 ұсыныс жасады. Барлығы 43 750 ұсыныс түсті. Қазір олардың барлығы аяқталды», - деп мәлімдеді.
Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік Халық Құрылтайы өкілдері ұсынымдарының іске асуына ұйымдастырушы мекемелер ерекше назар аударып отыр. Тиісті ұйымдар ұсынымдардың даму мен халыққа пайдасы бар саясат пен шараларға айналуына ықпал етті.
people.cn © People's Daily Online