Бүкіл ел бойынша кедейліктен құтылу үшін қоныс аударған адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі 94%-дан асты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 1 наурыз

1 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 28 ақпан күні тілші ұлттық даму және реформалар комиссиясынан 2022 жылдың соңына қарай кедейліктен құтқару үшін қоныс аудартқан адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейі 94,46%-ға жетіп, 2021 жылдың соңымен салыстырғанда, 2,54 пайыздық тармаққа өскенін білді. Кедейліктен құтылу үшін қоныс аударған адамдардың жан басына шаққандағы таза табысы 2022 жылы 13 615 юаньға жетті. Бұл бүкіл ел бойынша ауыл тұрғындары табысының орташа өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары. Қоныс аударып, кедейліктен құтылған адамдардың жалақысынан түскен табыстың үлесі 80%-ға жуықтады. Бұл елдегі кедейліктен құтылған адамдардың жалақысынан түскен табыс үлесінен жоғары.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото