Екі сессия бойынша онлайн-сауалнамада «білім беру», «әлеуметтік қамсыздандыру» және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» салалары желі пайдаланушыларының назарын аударды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 наурыз

3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 1-27 ақпан аралығында онлайн «Халық Газеті» «2023 жылғы екі сессия» ұлттық сауалнамасын өткізді. Онлайн «Халық Газетінің» 22-інші кезекті екі сессиялық сауалнамасына жалпы 5,81 миллионнан астам адам қатысты.

Желі қолданушыларының дауыс беруінен кейін «таланттарды тәрбиелеу», «әлеуметтік қамсыздандыру», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «ауылдарды жандандыру», «жұмыспен қамту», «медицина және медициналық қызмет көрсету», «елді заңға сәйкес басқару», «әлеуметтік басқару», «тұтынуды ынталандыру» және «толық қамтылған адамдар демократиясы» сияқты салалар үздік он кілт сөз ретінде таңдалды.

Сонымен қатар, желі қолданушыларының 67,8%-ы «ақылды» ауруханаларды көбейтуді, 65,6%-ы ауыл шаруашылығының ерекше өнімдерін кеңейтуді, 56,5%-ы инновациялар мен дәрі-дәрмектерді қолданудағы жаңа зерттеулер мен әзірлемелердің жүзеге асуын, ал 59%-ы халықтың мүддесін жеткізетін көптеген жолдардың ашылуын күтетін болып шықты. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото