Қытай мен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер арасындағы тауарлар саудасының көлемі соңғы он жылда жылына 8%-ға артқан

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 наурыз
Қытай мен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер арасындағы тауарлар саудасының көлемі соңғы он жылда жылына 8%-ға артқан

3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сауда министрінің көмекшісі Чень Чуньцзян 2 наурыз күні ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің ақпараттық бюросы баспасөз мәслихатында 2013 жылдан 2022 жылға дейін Қытай мен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер арасындағы тауар саудасының көлемі 1,04 трлн АҚШ долларынан 2,07 трлн АҚШ долларына дейін өскенін, орташа жылдық өсім 8% болғанын жеткізді.

Биыл «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы бастамасына он жыл толды. Чень Чуньцзян бастама ұсынылғаннан бері елімізбен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер арасындағы сауда мен инвестицияның ауқымы тұрақты түрде кеңейіп келе жатқанын, инфрақұрылымның өзара байланысы үнемі нығайып, өнеркәсіптік және жеткізу тізбектеріндегі ынтымақтастық деңгейі жақсарып келе жатқанын айтты. Инвестицияларға келетін болсақ, 2013 жылдан 2022 жылға дейін Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бойындағы орналасқан елдермен екіжақты инвестициялары 270 миллиард АҚШ долларынан асты. 2022 жылдың соңына қарай Қытайдың кәсіпорындары 421 000 тұрақты жұмыс орнын құрып, «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерге салған шетелдік экономикалық және сауда ынтымақтастық аймақтарына барлығы 57,13 миллиард АҚШ долларын инвестициялады. Инженерлік құрылыс бойынша, 2013 жылдан 2022 жылға дейін Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бойындағы орналасқан елдерде жаңадан қол қойылған келісімшарттарының жиынтық сомасы және келісімшарт жобалары бойынша аяқталған айналым тиісінше 1,2 трлн АҚШ долларынан және 800 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл шетелдік келісімшарт жобаларының жалпы көлемінің жартысынан астамын құрайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото