«Бір белдеу, бір жолдың» прагматикалық ынтымақтастығы тереңдей түсуде

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 наурыз
«Бір белдеу, бір жолдың» прагматикалық ынтымақтастығы тереңдей түсуде

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы бірінші сессиясының ақпарат тарату мәжілісінде құрылтай өкілі Ван Чао «Бір белдеу, бір жол» бастамасы басталғаннан бері соңғы он жылда достық шеңбері кеңейе түскенін және 150-ден астам ел мен 30-дан астам халықаралық ұйымның ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойғанын жеткізді. «Бір белдеу, бір жол» аясындағы прагматикалық ынтымақтастық тереңдеп, кеңейді және әр тарап елдерінің экономикалық дамуына, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға оң үлес қосты. «Бір белдеу, бір жол» бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін Қытай ешқашан қандай да бір саяси шарттар жасамады және ешқандай саяси мүдделерді көздемеді. Қытай жоғары сапалы «Бір белдеу, бір жол» құрылысын ілгерілетуді жалғастыру және көбірек жаңа дамуға қол жеткізу үшін «Бір белдеу, бір жол» құрылыс серіктестерімен ынтымақтасуға дайын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото