Мемлекеттік Халық Құрылтайы баспасөз хатшысы Ван Чао: «Қытайдағы мемлекеттік Халық Құрылтайы өкілдерін сайлау әлемдегі ең ірі демократиялық сайлау болып табылады»

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 4 наурыз
Мемлекеттік Халық Құрылтайы баспасөз хатшысы Ван Чао: «Қытайдағы мемлекеттік Халық Құрылтайы өкілдерін сайлау әлемдегі ең ірі демократиялық сайлау болып табылады»

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 4 наурызда 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы бірінші сессиясының баспасөз мәжілісі Халық құрылтайы сарайында ашылды. Құрылтайдың баспасөз хатшысы Ван Чао Қытайдағы мемлекеттік Халық Құрылтайы өкілдерін сайлау әлемдегі ең ірі демократиялық сайлау және Қытайдағы толық халықтық демократияның жарқын тәжірибесі екендігін жеткізді.

Баспасөз хатшысы Қытайдағы мемлекеттік Халық Құрылтайы өкілдері кең өкілдік сипатқа ие екенін айтты. Барлық өңірлер, әрбір сала, әрбір қызмет саласы мен ұлт өкілдері өздерінің өкілдерін ұсынды. Халықтың орта және төменгі топ өкілдері барлық деңгейдегі мемлекеттік Халық Құрылтайы өкілдерінің ішінде айтарлықтай үлеске ие.

Ресми тұлға нақты сандарды келтіріп, 2,62 миллионнан астам аудан және ауыл деңгейіндегі мемлекеттік Халық Құрылтайы өкілдері арасында алдыңғы қатарлы жұмысшылар, фермерлер, кәсіби және техникалық қызметкерлер және басқа да төменгі буын өкілдері аудандық деңгейдегі мемлекеттік Халық Құрылтайы өкілдерінің 52,53%-ын, ал ауылдық деңгейдегі мемлекеттік Халық Құрылтайы өкілдерінің 76,75%-ын құрайтынын жеткізді.

Баспасөз хатшысы 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының 2977 өкілінің арасында этникалық азшылықтың 442 өкілі жалпы өкілдердің 14,85%-ын құрайтынын және мұнда елдегі 55 этникалық азшылық өкілдерінің барлығынан мүшелер бар екенін айтты. Сол сияқты шетелден оралған қытайлықтардың 42 өкілі, әйелдердің 790 өкілі бар, бұлар өкілдер жалпы санының 26,54%-ын құрайды. Жұмысшылар мен фермерлердің арасынан ұсынылған 497 өкіл жалпы көрсеткіштің 16,69%-ына тең.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото