Биылғы дамудың басты мақсаты: ЖІӨ-нің шамамен 5 %-ға өсуі

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 5 наурыз

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 5 наурызда Мемлекеттік Кеңестің премьер-Министрі Ли Кэцян Мемлекеттік Кеңес атынан 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясында Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді.

Есепте үстіміздегі жылы күтілетін негізгі даму мақсаттары туралы төмендегідей мәліметтер келтірілді: ЖІӨ-ні шамамен 5% - ға өсіру; қалалық жерлерде 12 миллионға жуық жаңа жұмыс орнын ашып, жұмыссыздық деңгейін шамамен 5,5%-ға төмендету; тұрғындардың тауарларды тұтыну бағасын 3% - ға дейін өсіру; халық кірісінің ұлғаюы негізінен экономикалық өсумен сәйкес болу; импорт пен экспорт сапасын тұрақты ілгерілету, төлем балансының теңгерімділігін сақтау; азық-түлік өндірісін 650 млн тоннадан астам деңгейге жеткізу; жалпы ішкі өнімнің бірлігіне энергияны тұтынуды және негізгі ластаушы зат қалдықтарын төмендетуді жалғастыру; қазба энергиясын тұтыну көрсеткішін бақылау; экологиялық ортаның сапасын тұрақты жақсартып отыру.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото