Үкіметтің жұмысы туралы есептің ықшамдалған нұсқасы

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 5 наурыз

5 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 5 наурызда Премьер-министр Ли Кэцян 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясында Үкіметтің жұмысы туралы есеп берді. Есепте төмендегідей негізгі мәліметтер қамтылды:

1. Өткен жыл мен бес жылдық мерзімдегі жұмысқа шолу

Өткен жыл:

ЖІӨ - нің бір жыл ішіндегі өсу көрсеткіші 3% болды.

Жылдық қосылған құн салығын шегеру мен салықты қайтару 2,4 трлн юаньнан асты.

Кедейліктен арылғандардың жұмыспен қамтылу ауқымы 32 миллионға жетті.

Соңғы бес жыл:

Жалпы ішкі өнім 121 трлн юаньға дейін өсіп, бес жылдағы орташа жылдық өсім 5,2%-ға жетті.

Астық өндірісі ұзақ уақыт тұрақты түрде 650 млн тонна көрсеткішті сақтады.

Қала деңгейіндегі аудандарда жаңа жұмыс орындарының іске қосылу өсімі 12,7 млн. болды.

Сегіз жылдық үздіксіз жұмсалған күш-жігердің арқасында 100 миллионға жуық ауылдық жердегі әлеуметтік осал топтар кедейліктен арылды.

2. Биылғы жылы күтілетін негізгі даму мақсаттары

ЖІӨ өсім шамамен 5%-ды құрау.

Қалалық жерлерде шамамен 12 миллион жаңа жұмыс орнын құру.

Тұрғындардың тұтыну бағасын шамамен 3%- ға өсіру.

Астық өндірісін 650 млн тоннадан жоғары деңгейде сақтау.

3. Биылғы жылғы Үкімет жұмысы бойынша ұсыныстар

Қаржы: тиімділікті арттыру үшін фискалдық саясаттың белсенділігін күшейту. Тапшылық ставкасы 3% деңгейінде белгіленуі тиіс.

Салық жеңілдіктері: салықтар мен алымдарды азайту. Салықтарды қайтару және салық жеңілдіктері сияқты ағымдағы шараларды жалғастыру және оңтайландыру.

Жұмыспен қамту: жастарды, әсіресе колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға көбірек көңіл бөлу.

Эпидемияның алдын алу және онымен күресу: вакциналарды үнемі жетілдіруге және жаңа дәрі-дәрмектерді жасауға ықпал ету. Сондай-ақ көпшіліктің медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерге қажеттіліктерінің тиімділігін қамтамасыз ету.

Тұтыну: жаппай тұтынуды тұрақтандыру және тұрмыстық ахуалды қамтамасыз ету қызметтерін тұтынуды қалпына келтіруге ықпал ету.

Мемлекеттік инвестициялар: биылғы жылы жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары үшін 3,8 трлн юаньға арнайы облигациялар орналастыру жоспарлануда.

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі өндірістік тізбектері: жоғары сапалы ресурстарды шоғырландырып, негізгі технологиялық зерттеулерді ілгерілетуге басымдық беру.

Цифрлық экономика: нормаланған қадағалау деңгейін арттыру және платформаның экономикалық дамуын қолдау.

Жеке экономика: жеке кәсіпорындардың меншік құқығын, сондай-ақ заңға сәйкес кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Жеке экономика мен жеке кәсіпорындардың дамуы мен өсуін ынталандыру.

Шетелдік капиталды тарту: шетелдік капитал кірістірілген ірі жобаларды жасап, іске асуына жәрдемдесу.

Негізгі экономикалық және қаржылық тәуекелдердің алдын алу және қорғану: жоғары сапалы жылжымайтын мүлік компанияларының сын-қатерлерін болдырмаудың тиімді жолдарын қарастыру және олардың активтері мен міндеттемелерінің мәртебесін жақсарту. Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының қарыз тәуекелдерін болдырмау және қарызды өтеу құрылымын оңтайландыру.

Ауылды жандандыру: жергілікті жердегі өзіндік ерекше салаларды дамыту және фермерлердің кірістерін арттыратын арналарды кеңейту.

Жасыл трансформация: негізгі аймақтарда энергияны үнемдеп, көмірқышқыл газын азайтуға ықпал ету. Көк аспан, таза су және таза жер үшін атқарылатын шараларды жалғастыру.

Тұрғын үй: тұрғын үй қажеттіліктерін қолдау және тұрғындар мен жастардың тұрғын үй мәселелерін шешу.

Білім: міндетті білім берудің жоғары сапалы және теңгерімді дамуына, қала мен ауылдың интеграциясына жәрдемдесу.

Медициналық қызмет көрсету: жоғары сапалы медициналық ресурстарды кеңейту және теңгерімді аймақтық орналасуға ықпал ету.

Әлеуметтік қамсыздандыру: қарттарды күтімдеу кепілдіктерін күшейту және отбасын қолдау саясатының жүйесін жетілдіру.

Сянган мен Аомэньның дамуы: Сянган мен Аомэнь экономикасын дамыту және адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсартуды қолдау.

Тайвань мәселесі: «тәуелсіздікке» үзілді-кесілді қарсы тұру, бұғаздың қос тарап қатынасының ынтымақты дамуына және Отанды бейбіт жолмен біріктіру процесіне ықпал ету.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото