Қытайдың негізгі қалаларында PM2.5 орташа концентрациясы он жыл ішінде 57%-ға төмендеді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 наурыз
Қытайдың негізгі қалаларында PM2.5 орташа концентрациясы он жыл ішінде 57%-ға төмендеді

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 5 наурызы таңертең 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясы ашылғаннан кейін, Халық құрылтайы сарайында алғашқы «министрлер кездесуі» өтті. Экология және қоршаған ортаны қорғау министрі Хуан Руньцю журналистерге берген сұхбатында Қытай әлем бойынша ауа сапасының жақсаруы ең жылдам, жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуы ең жоғары және орман ресурстарының артуы ең іргелі ел екенін айтты.

Хуан Руньцю соңғы он жылда Қытайдың негізгі қалаларында PM2.5 концентрациясы 57%-ға төмендегенін, ЖІӨ бірлігіне шаққандағы көмірқышқыл газының шығарындылары 34,4%-ға азайғанын айтты. Сонымен қатар, елдегі I-III санаттағы жер үсті суларының үлесі 23,8 пайыздық тармаққа артып, 87,9%-ға ұлғайғанын, бұл дамыған елдердің деңгейіне жақындағанын айтты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото