Биыл Қытайда 5G базалық станцияларының жалпы саны 2,9 млн-нан асады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 6 наурыз

6 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрі Цзинь Чжуанлун 14-ші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясы аясында министрлер дәлізінде берген алғашқы сұқбатында еліміз биыл 600 000 жаңа 5G базалық станцияларын ашатынын, осылайша еліміздегі 5G базалық станцияларының жалпы саны 2,9 миллионнан асатынын мәлімдеді.

Цзинь Чжуанлунның айтуынша,Қытай ауқымы ең үлкен және технологиясы ең озық 5G желісін құрды, 5G-дің дамуы әлемнің алдыңғы қатарында тұрады.

Министрдің берген ақпаратына сәйкес, инфрақұрылым тұрғысынан Қытай 2,34 миллионнан астам 5G базалық станциясын салған. Ал қолданбаларға келетін болсақ, 575 миллионнан астам 5G ұялы телефон пайдаланушылары бар, ал ұлттық экономикадағы 97 негізгі санаттың жартысынан көбі 5G пайдаланады.

5G қосымшасын кеңейту және «5G+» іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру қажет, - деп мәлімдеді Цзинь Чжуанлун. «5G + өнеркәсіптік интернетінің» мүмкіндіктерін кеңейту өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуы үшін өте маңызды. Еліміз «14-ші бесжылдық» кезеңінде 10 000-нан астам 5G зауыттарын салуды жоспарлап отыр.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото