Қытай үлгісіндегі модернизация «модернизация = Батыстану» мифін бұзды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 наурыз
Қытай үлгісіндегі модернизация «модернизация = Батыстану» мифін бұзды

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрі Цинь Ган 7 наурыз күні өткен 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайының бірінші сессиясының баспасөз мәслихатында Қытай үлгісіндегі модернизация «модернизация = Батыстану» мифін бұзды. Адамзат өркениетінің жаңа түрін құрып, бүкіл әлем елдеріне, әсіресе көптеген дамушы елдерге маңызды жол сілтеді. Олар негізінен бес аспектіде көрініс тапты:

Біріншіден, тәуелсіздік. Қытай үлгісіндегі модернизация Қытайдың нақтылы жағдайына сәйкес келеді.

Екіншіден, халық бірінші орында. Қытай үлгісіндегі модернизация – бұл бүкіл халықтың жалпы өркендеуін модернизациялау болып отыр. Бұл үлгі халықты материалдық жағынан ғана емес, рухани дүниесін де байытады. Бірнеше елге немесе аздаған топқа қызмет ету модернизация емес. Байлар мен кедейлердің екіге жарылған мәдениеті модернизация емес. Рухтың бостығы, моральдық тұрақсыздық та модернизациядан алыс. Барлық ел халқы бірдей негізде дамуға және бақытқа ұмтылуға құқылы болуы керек.

Үшіншіден, бейбіт даму. Қытай үлгісіндегі модернизация соғысқа, отарлауға және тонауға ниетті емес. Оның орнына еліміз бейбітшілікті, дамуды, ынтымақтастықты және тең ұтысқа жетуді, сондай-ақ адам мен табиғаттың жарасымды өмір сүруін қолдайды. Бұл батыс үлгісіндегі модернизациядан өзгеше жаңа жол.

Төртіншіден, ашықтық пен бауырмалдық. Барлық елдің өздерінің ұлттық жағдайларына сәйкес модернизация жолымен жүруін, сондай-ақ тәжірибе алмасуын және бір-бірінен үйренуге деген ұмтылысын құрметтейді.

Бесіншіден, бірлікте күресу. Қытайдың табысты даму тәжірибесі бытыраңқылықта үміт жоқ екенін, тек бірлікпен күресудің ғана мығым күшке ие екенін дәлелдеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото