Украина дағдарысы туралы Цинь Ган: Қытай жауапкершіліктен қашқалақтауды қабылдамайды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 7 наурыз

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз күні таңертең 14-інші мемлекеттік Халық Құрылтайы бірінші сессиясының баспасөз мәслихаты өтті. Сыртқы істер министрі Цинь Ган журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Украина дағдарысының түпкі себебі еуропалық қауіпсіздік қайшылықтарының туындауында екенін атады. Қытай тарапы әрқашан мәселенің мәніне негізделген тәуелсіз пайымдаулар жасайды. Бейбітшілік пен соғыс арасында бейбітшілікті таңдайды; диалог пен санкция арасында диалогты таңдайды; сабырлылық пен арандатудың ішінде сабырлылықты таңдайды. Қытай дағдарысты тудырушы да, дағдарысқа қатысушы да емес. Қақтығысқа түскен тараптардың ешқайсысына қару ұсынған жоқ. Қытай тарапы ешқашан Қытайды кінәлауға, санкция мен қоқан-лоқы қолдануға келіспейді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото