Қытай экспорты 0,9%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 8 наурыз

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз күні Қытайдың Бас кеден басқармасы жариялаған мәліметтерге сәйкес, Қытайдың экспорты биылғы жылдың алғашқы екі айында 3,5 трлн юаньға жетіп, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 0,9%-ға ұлғайған.

Деректер Қытайдың импорты мен экспортының жалпы көлемі қаңтар, ақпан айларында 6,18 трлн юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 0,8%-ға төмендегенін көрсетеді. Олардың ішінде экспорт 3,5 трлн юаньды құрап, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 0,9%-ға өскен. Ал импорт 2,68 трлн юаньға жетіп, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 2,9%-ға азайған.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото