Сыртқы істер министрлігінің өкілі: Қытай Украинаның ядролық нысандары қауіпсіздігін практикалық әрекеттермен нығайтуды қолдайды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 наурыз

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мао Нин 8 наурызда Қытай халықаралық Атом энергиясы агенттігі арқылы «Украинаға ядролық қауіпсіздікке техникалық көмек көрсету жобасына» 200 000 еуро қаржы беруге шешім қабылдағанын айтты.

Мао Ниннің айтуынша, жақында Қытайдың Сыртқы істер министрлігі «Жаһандық қауіпсіздік бастамасының тұжырымдамалық құжатын» жариялады. Онда ядролық қауіпсіздікте халықаралық ынтымақтастықты ілгерілету осы саланың негізгі бағыттарының бірі болып табылатындығы айтылды. Сонымен қатар Қытайдың жақында жариялаған «Украина дағдарысын саяси реттеу жөніндегі Қытайдың ұстанымы» да елдің бейбіт ядролық нысандарға қарулы шабуыл жасауға қарсы екенін, халықаралық Атом энергиясы агенттігінің бейбіт ядролық нысандарды қорғаудағы сындарлы рөлін қолдайтындығын анық көрсетті.

«Біз осылай айтқан екенбіз, ендеше, осылай жасаймыз. Қытайдың Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арқылы «Украинаға ядролық қауіпсіздік саласындағы техникалық көмек жобасына» 200 000 еуро беру туралы шешімі Агенттіктің Украинаның ядролық нысандары қауіпсіздігін нығайту жөніндегі күш - жігерін практикалық іс-қимылмен қолдау болып табылады», - деді Мао Нин.

Ресми өкіл: «Біз әлі де бейбітшілікті насихаттауды, Украина дағдарысын саяси жолмен шешуді қолдап, ядролық қауіпсіздік тәуекелдерін түбірімен жоюды және Украинаның ядролық нысандарының қауіпсіздігіне ықпал етуді жалғастырамыз», - деп мәлімдеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото