Қытайға келіп-кететіндердің саны айтарлықтай өсті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 9 наурыз
Қытайға келіп-кететіндердің саны айтарлықтай өсті

9 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 8 наурыз күні Ұлттық иммиграция әкімшілігінен алған мәліметіне сәйкес, 8 қаңтардан бастап Қытайда індеттің алдын алу және тізгіндеу шаралары жеңілдетілгеннен бері, 7 наурыздағы жағдай бойынша ұлттық иммиграция әкімшілігі елге кіріп-шыққан жалпы саны 39,722 миллион адам мен 2,487 миллион көлік құралын (кеме, ұшақ, пойыз) тексерген. Көрсеткіш нәтижесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 112,4% және 59,3%-ға ұлғайғанын байқатты. Оның ішінде 1,013 миллионы елге 25 ақпанда келіп-кеткен.

Ұлттық иммиграция әкімшілігі жалпы саны 3,362 миллион кәдімгі төлқұжатты, Сянган, Аомэнь және Тайваньға барып-келетін 12,672 миллион құжатты, 122000 шетелдік визалар мен уақытша тұруға рұқсат қағаздарын берді. Індеттің алдын алу және тізгіндеу шаралары енгізілгенге дейінгі жағдайдан көрсеткіш 12,20.9%、837.7%、33.1%-ға өскен.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото