Сауд Арабиясы мен Иран Бейжіңде келісімге келді: екіжақты қатынастарды қалпына келтіруге уағдаласты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 11 наурыз

11 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 10 наурызда Бейжің, Сауд Арабиясы және Иран жариялаған үшжақты бірлескен мәлімдемеге сәйкес, Сауд Арабиясы мен Иран Бейжіңде келіссөздер жүргізді. Бірлескен басқосуда дипломатиялық қатынастарды және әр тарап өз елшіліктерінің жұмысын қалпына келтіру туралы келісімге келді.

Сауд Арабиясының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мұсаид бен Мұхаммед әл-Айбан және Иранның Ұлттық қауіпсіздік Жоғары Кеңесінің хатшысы Али Шамхани 6-10 наурыз аралығында өткен Бейжіңдегі келіссөздерде Сауд Арабиясы мен Иран делегацияларын басқарды. Үш Тарап жоғарыда аталған мәлімдемені 10 наурыздағы келіссөздерден кейін жариялады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото